2.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
aspan

ӨТКЕН ЖЫЛЫ АЙНАЛЫМНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖАЛҒАН АҚША АЛЫНДЫ

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына аударады. Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таратылады. Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірген. Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты. Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеру керек. Сондай-ақ, ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтері, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аудару керек. Мамандар жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыстығын ескертеді. Егер жалған немесе күмәнді банкноталарды тапсаңыз оны сатуға тырыспаңыз. Дереу қаржылық мониторинг агенттігі немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына хабарласып, қажетті тексерулерді жүргізу айтылды.

 

Related posts

 «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ: 200-ДЕН АСТАМ SIM-КАРТА МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ