-3.7 C
Shymkent
10 января, 2025
aspan

МЕТАПНЕВМОВИРУС- ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАУІПТІ

Қыс пен көктем – тыныс алу жолдарының инфекциялары өршитін уақыт. Қытайда тарап, елді біраз шошытқан метапневмовирус біздің елде де анықталған. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ дейді мамандар. Өйткені эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Одан қалды метапневмовирус бұған дейін айтылғандай нақты емі жоқ жаңа ауру емес. Ковид 19-ға ұқсас екен. Толығырақ келесі сюжетте.

Мамандардың айтуынша биылғы эпидемиологиялық маусымның бір ерекшелігі тұмау сияқты инфекциялық аурулар ерте басталған. Шымкентте қазан айынан  бастап 31 168 адам жедел респературлық вирустық инфекция жұқтырған. Ал мұндай вирустың 200-ден аса түрі бар.  Соның ішінде халықтың үрейін алған осы метапневмовируста бар. Аталған індет белгілері кәдімгі тұмауға ұқсайды дейді дәрігерлер. Бұл індеттің емі  тұмауды емдегенмен бірдей. Бұл вирусқа арнайы вакцина жоқ.  Дегенмен  денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше зертханаларда тексерілгеннен кейін Қазақстанда 30 адамда осы метапневмовирус анықталған.

Бұл вирустан өз денсаулығыңызды қорғау үшін қарапайым алдын алу шараларын ұстану маңызды. Қолды жиі жуып, антисептиктерді қолдану, бетперде кию және науқас адамдармен байланыстан аулақ болу керек.  Дәрігерлер Халық  көп шоғырланған жерлерге  бармауға  кеңес береді. Бұл вирустың алдын алу үшін қала тұрғындары қандай сақтық шараларын  жүргізуде?

Метапневмовирус инфекциясы жеңіл түрінен ауыр асқынуларға дейін әртүрлі деңгейде көрініс беруі мүмкін. Алайда, дұрыс күтім мен сақтық шаралары арқылы вирустың таралуын шектеуге және асқынулардың алдын алуға болады. Сонымен қоса денсаулықты сақтау жолында жауапкершілік таныту маңызды.

 

Related posts

ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ

Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

admin

ПОЛИЦИЯ ҰҚКД-МЕН БІРЛЕСІП, ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Телеарна ХанТВ