3.3 C
Shymkent
9 января, 2025
aspan

«№55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды сыныптар бойынша 2024-2025 оқу жылының І -жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар.

Жыл басында ӘКӘ Хатира Арубаевна жаңа әдіскерімізбен танысып , оқу жылының басталуына орай , арнайы тамыз секциясы ұйымдастырылып, мектепалды сынып педагогтеріне жаңа оқу жылындағы өзгерістермен таныстырылды.
2024-2025 оқу жылының тамыз айында мектепалды сынып ата-аналарымен жиналыс өткіздік. Ондағы мақсат ата –аналармен жаңа оқу жылындағы жоспарлармен,оқушылардың оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуін, жол қауіпсіздігі туралы ата –аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 – 2025 оқу жылы қарсаңына орай Білім күніне арналған «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында мерекелік іс – шара болып өтті.
1қыркүйек білім күніне орай «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өтілді.
Мақсаты: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аудандық «Өнер фестиваліне» сынып тәрбиеленушісі Сапаралы Айзере мәнерлеп оқу жанры бойынша қатысты.

Қазан айында ұстаздар күніне арнап «Ұстаз — ұлы тұлға, « Қарты бар үйдің — қазынасы бар » тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: ұстаздарды, қарттарды қадірлеуге құрметтеуге үйрету.
«Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар » тақырыбы аясында бастауыш сынып пен мектепалды даярлық сынып жетекшілерімен бірге он күндік декасына орай өткізілген «Өнегелі әже, тәрбиелі немере»атты әжелер сайысы болып өтті.
Мақсаты: бүлдіршіндерді ізгілікке, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, ой-өрісін дамыту, өнерге баули отырып, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
I тоқсан қортындысы бойынша ата — аналармен тренинг ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Жүрек жылуы» (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы — отбасы.
Сондықтан ата — ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
2024-2025 жылға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбы орай оқушылар арасында жарыс өткізілді.
Мақсаты : епшілдікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қараша – әділдік және жауапкершілік айы аясында «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Заттар мен мүлікті ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын өткізілді.
Мақсаты: Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Аудандық семинарларға,дөңгелек үстелдерге, шебер сыныптарға қатысып, әріптестерімізбен өзара тәжірибе алмасып, өз сабақтарымызда қолданып келеміз.

Мектепалды сынып тәрбиешісі: Бахрамова Загира Бурханқызы

Related posts

ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР НАСИХАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

“ШЕКТЕЛУСІЗ ӘЛЕМ”

Телеарна ХанТВ