Іргетасы 1954 жылы қаланған кітапхананың ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқанына биыл 70 жыл. Шымкентте Абай атындағы кітапхана өз тарихындағы айтулы белесті атап өтті. 70 жыл бойы руханият ордасы мыңдаған оқырманның білім мен ізденіске жол сілтеген шамшырағына айналды.
Шара аясында кітапхананың тарихына арналған «70 жылдық жетістіктер» атты көрме ұйымдастырылды.Мұнда қанша жылдық тарихы бар ктіаптар,ескі суреттер мен мұрағаттық материалдар қойылды. «Кітапанашы,оқырман деген сөздердің мәні өте тереңде.Кітапхана халықты рухани әлемге бастаса,оқырмандар сол рухани әлемнен азық алады.Міне бүгінде,сол рухани әлемге бастаған кітапхананың 70 жылдығын тойлағалы отырмыз»-деді Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нурила Серікбайқызы.
Абай атындағы кітапхана – тек кітап қоры ғана емес, руханияттың, мәдениеттің және білімнің алтын ордасы. 70 жылдық тарих – оқырмандар мен қызметкерлердің ортақ жетістігі. Аталған шараға қаланың шығармашыл зиялы қауымы, ақын-жазушылар мен Республикамыздың түрлі аймақтарынан келген қонақтар қатысты. Олар кітапхананың өміріндегі ерекше сәттермен бөлісіп,ізгі тілектерін білдірді.
Шара әрмен қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ 70 жыл бойы білім мен мәдениеттің шырағын жаққан Абай атындағы кітапхана әлі де талай ұрпаққа рухани азық сыйлай беретіні анық.Бұл өткеннің тәжірибесі мен болашақтың үмітін тоғыстырған қасиетті орда.