24.3 C
Shymkent
13 апреля, 2025
aspan

СЕССИЯ БАРЫСЫНДА 18 МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына 25 депутат қатысты. Сессия барысында 18 маңызды мәселе талқыланды. Салаға жауаптылар маңызды тақырыптарды қозғап, бірқатар мәселелерді ортаға салды

Алғашқы мәселе ретінде мәслихат депутаты Төлегенов Ноян Назарұлының  өкілеттігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына жаңа депутат ретінде Қонақбаев Мүфтулла Құлмұратұлы тіркелді. Сонымен қатар, Ашірбаев Бахытбек Базарбекұлы да депутат ретінде жұмысын бастады. Айта кетейік, сессия барысында қала әкімнің 10 айдағы жұмыс нәтижелері тыңдалды. Мегаполис басшысы баяндамасында экономиканың үлесі 12%-ға артқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәслихат отырысында 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет пен 2024 жылғы бюджет жобасы талқыланды. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарының орындалу барысы және келесі бес жылдыққа арналған жаңа даму жоспары бекітілді. Баяндамашы Ерлан Есқараев, аталған бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде атқарылып келе жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысты өзгерістер, әлеуметтік көмек көрсету, амбулаторлық емдеу бойынша мәселелер де қаралды. Қалалық әкімдіктегі кадрлық ауыс-түйістер мен сала мамандарының бірқатар өзгерістері сондай-ақ, құқықбұзушылыққа, терроризмге қарсы комиссиялардың дербес құрамы жаңартылды. Сессия соңында 8-шақырылымдағы тұрақты комиссиялар құрылып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ отырыс соңында келесі сессияны 2025 жылдың ақпан айының екінші жартысында өткізу жоспарланып отыр.

 

Related posts

ЖОЛ АШАМЫН: БАҚСЫ-БАЛГЕРЛЕРГЕ СЕНУ ДҰРЫС ПА?

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

Байланыс

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Кері қоңырау шалу сұрауы жіберілді! Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Кері қоңырау шалу сұрауын жіберу қатесі! Қайталап көріңіз!
Write a email to us!
Email sent! We will contact you soon.
Error sending email! Please try again!