aspan

«УЧАСТКЕ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда «Участке» іс-шарасы аясында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі 16 қыркүйекте басталған «Участке» республикалық іс-шарасының аяқталғанын мәлімдеді. Оның қорытындысы 15 желтоқсанда жарияланбақ.
– Бұл алдын алу шарасының басты мақсаты – азаматтар мен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, көпқабатты үйлердің шатыр кеңістіктерін тексеру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу. Үш айдың ішінде Алматы қаласының полиция қызметкерлері 516 мыңнан астам тұрғын үй алқабын және 12 мыңнан аса саяжай аймағын аралап шықты. Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша есепте тұрған 5 363 адам, 321 қолайсыз отбасы және 36 мыңнан астам тіркелген қару иелері тексеруден өтті. Нәтижесінде барлығы 12 231 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көпшілігі қалада тіркеусіз тұрып, қоғамдық тәртіп пен қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұған қоса, іс-шара барысында полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысты 10 мыңнан астам жазуды анықтап, жойды, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ТОҚАЕВ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КЕНШІЛЕРДІҢ ҚАЗА ТАБУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Телеарна ХанТВ