aspan

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ВАШИНГТОНДА АТАЛЫП ӨТТІ

АҚШ-тағы қазақ қауымдастығы елдің солтүстік батысында орналасқан Редмонд қаласында отандастарымыздың басын қосып, ауқымды іс-шара өткізді. Жүзден аса адам қатысқан жиында, ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталды.

Әсіресе, жас домбырашылардың өнері көрерменді тәнті етті. Қазақ әндері де әуелеп, мерекенің көркін аша түсті. Тәуелсіздік күнімен құттықтап келгендердің қатарында жергілікті татар және түрікмен қауымдастықтарының өкілдері де болды. Олар дәстүрлі би және музыкалық қойылымдарын қойып, Орталық Азия жұртының ынтымағын паш етті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАТО БИЫЛ УКРАИНАҒА 21 МЛРД ЕУРО БӨЛГЕН

Телеарна ХанТВ

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ МЕН СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНЕ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ЖІБЕРІЛДІ

Han TV