aspan

ПОЛИЦИЯ ҰҚКД-МЕН БІРЛЕСІП, ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Жетісу облысында полиция ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, бопсалаумен айналысқан жергілікті қылмыстық топты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу облысында Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топтарға қарсы белсенді шаралар қабылдайды. Сондай-ақ бұрын ішкі істер органдарының назарына түскен тұлғалармен жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қараша айының соңында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, бопсалаумен айналысатын жергілікті қылмыстық топты әшкереледі. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Жетісу облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері білім беру мекемелерінде оқушылар мен студенттер арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Олар оқушылармен және жастармен кездесулер ұйымдастырып, онда бопсалау, қорқыту және осы секілді қауіптерден қалай қорғану қажеттігі жайында әңгімелеседі. Кейде жәбірленушілер зорлық-зомбылық жасаушылардан қорқып, полициядан көмек сұраудан тартынады, бұл өз кезегінде қайғылы салдарға, тіпті суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Полицейлер зардап шеккендерді қорықпай, көмек сұрауға шақырады және әрбір арызданушының қорғалуына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бопсалаушылық үшін айыппұлдан бастап, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНЫНАН ІРІ КӨЛЕМДЕ ҚАРАСОРА ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-НЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ