aspan

АРЫС ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді қала активіне таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді.Толығырақ тілші тарқатады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды-Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келген Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылғанын айтты.Гүлжан Мамытқызы өзін білікті басшы ретінде таныта білді және қаланың дамуына өз үлесін қосты деп алғысын білдірді.

 Айта кетсек Арыс  қаласына  жаңа әкім тағайындалды. Қайсар Маңқараев білім санаты – жоғары маман. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану. 2022 жылдан бері Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. Сондай-ақ Қайсар Маңқараев болашақта Арыс қаласын логистикалық әлеуеті жоғары толық мүмкіндіктерді  пайдалана отырып,өндірісі дамыған қалаға айналдыратынын айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕКІ КӘСІПКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНА 40 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСЫП, 186 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

Телеарна ХанТВ