Детективке шеберлері марапатталды. Шымкентте Кемел Тоқаев атындағы VII республикалық детектив шығармалар байқауының салтанатты марапаттау шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли және әдебиет саласының өкілдері қатысты. Байқау Кемел Тоқаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу және қазақ әдебиетінде детектив жанрын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармаларды жанрлық ерекшеліктері, сюжеттік құрылымы мен стильдік шеберлігі тұрғысынан бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау тек шығармашылық таланттарды қолдап қана қоймай, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дамуына үлкен серпін береді.
Тұрақ Адисұлы тарих пәнінің мұғалімі. Детектив жанрында ұйымдастырылған байқауға биыл 3-ші рет қатысып отыр. 5 миллиондық кемпір шығармасымен бас жүлдені иеленген қаламгер аталған бағытта қандай да бір туындыны дайындық күрделі екенін айтады. Мәселен биылғы еңбегін жазуға 8-айға жуық уақыт кеткен. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің еңбегін көрсетуге бағытталған туынды қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Қоғамда тәртіп пен әділеттіліктің рөлін ұғындыруға ықпал ететін туында қазақ детективі үшін жаңа серпіліс болмақ. Шығармашылығын шыңдауға бағытталған сайысқа алдағы уақытта да қатысуға ниетті екенін жеткізді
Осыдан жеті жыл бұрын бастау алған байқау бүгінгі таңда елімізде детектив жанрының дамуына ерекше серпін беріп келеді. Биылғы сайыстың жеңімпаздарына қаржылай сыйақылар мен марапаттар табсыталды. Мерекелік шарада президент кеңесшісі Берік Уәли сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысты.
Детектив жанры әдебиеттегі ерекше бағыт, ол оқырманды құпияларды шешуге, әділдікке ұмтылуға және адамның ақыл-ойын ұштауға бағыттайды. Бұл жанрдың негізгі ерекшелігі күрделі оқиғалар мен оларды шешудегі логика, қиял және сыни ойлау қабілеттерінің үйлесуі. Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрына Кемел Тоқаевтың шығармашылығы үлкен серпін берді. Оның шығармалары бүгінгі жас қаламгерлер үшін үлгі болып, жанрдың дамуына жол ашты. Бұл бағыт тек қызық оқиғаларды баяндау ғана емес, сонымен қатар қоғамға ой тастайтын, әділдікке үн қосатын ерекше әдеби құрал болып қала береді.
Марапаттау шарасы жазушы Кемел Тоқаевтың мұрасына арналған көрме және танымдық кездесулермен жалғасты. Салтанатты шарада жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар мен арнайы дипломдар табысталды. Бас жүлде иегері мен үздік деп танылған авторлардың есімдері көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше бұл байқау жас таланттарды қолдауға және қазақ әдебиетінің жаңа қырларын дамытуға бағытталған маңызды жоба болып қала береді.