30.1 C
Shymkent
20 мая, 2025
aspan

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы айтылды.

Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістанның тарихи рөліне тоқталды.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары – Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиевтер өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова да заң жобасын талқылау үшін Түркістанға арнайы келген. Шаһарда бірнеше кездесу өткізу жоспарланған.

Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты Нұртай Салихұлы аймақтың даму жұмысына да тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмысшы топ өкілдерімен кездесу барысында өңірдің әл-ауқатын арттыру мәселесіне тоқталып өтті.

 Облыстың тарихи маңыздылығын атап өткен өңір басшысы аталған бағыттағы жұмыстардың қарқынды жүретініне сенім білдіріп отыр. Жиынға қатысушы құрам Түркістан облысын дамыту үшін бірқатар ұсыныстары мен ойларын айтты.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

admin

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ  ЖАҢҒЫРТУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

Телеарна ХанТВ