aspan

300 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН  ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Облыс аумағында инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жанданып келеді. Осы бағытта  Ордабасы ауданы «Бадам» индустриалды аймағында  жаңа инвестициялық жобалардың құрылысы басталған болатын. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды ауданға арнайы іс-сапармен барып,   алюминий профиль бұйымдарын шығаратын ««Central Asia Aluminum Company» ЖШС-ін аралап, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесті.

Бадам индустриялды аймағында «Сentral Аsia Аluminum company» компаниясының алюминий профиль бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 4 млрд. 400 млн.теңге, Жобаның бірінші кезеңі  2025 жылдың наурыз айында іске қосылып, 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтиды. Жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна. Ал екінші  кезеңі іске қосылғанда 150 жұмыс орны ашылмақ. Іссапар аясында Бадам ауылындағы  «RZN» ЖШС-нің автоклабталған газоблок шығаратын зауытының жұмысымен танысты. Жобаның инвестициялық құны 1 млрд. 500 млн. теңгені. құрайды, ал  қуатылығы жылына 85 мың текше метр. Жоба толықтай іске асқан кезде 25 адам жұмыспен қамтылады. Жер аумағы – 3 гектар. Сондай-ақ, өңір басшысына балалар ойын алаңшаларын шығаратын зауыт пен инновациялық темірбетон шығару зауытының, металл өнімдерін өндіру жобасының құрылыс барысы таныстырылды. Бұл кәсіпорындарда 100-ге жуық жұмыс орны құрылмақ. Аудандағы  зауыттарды  аралап көрген облыс әкімі мемлекет тарапынан ұсынылған жер уақтылы игеріліп, кәсіпорындар өз мерзімінде ашылуы керек екенін жеткізді. Сонымен бірге индустриалды аймақты абаттандырып, көгалдандыру қажеттігін, жергілікті тұрғындарды үйретіп, жұмысқа тарту керектігін ескертті.

 

Related posts

СУ ТАСҚЫНЫНАН 25 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-БЕЛСЕНДІ ӨМІР САЛТЫ

Телеарна ХанТВ

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

Байланыс

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Кері қоңырау шалу сұрауы жіберілді! Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Кері қоңырау шалу сұрауын жіберу қатесі! Қайталап көріңіз!
Write a email to us!
Email sent! We will contact you soon.
Error sending email! Please try again!