aspan

ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

Ескек есу каналының жалпы аумағы 100 гектарға жуық, су сыйымдылығы – 2 млн текше метр. Жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Бүгінде үшінші кезеңі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір трибуна мен мұнара бетондалуда. Спорт  кешенінің қасбетін бояу және нысанды абаттандыру жүргізілуде. Ол жұмысқа 75 адам, 15 техника тартылған. Каналда 800 мың текше метр су бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

“ЖАСТАР” БАҒДАРЛАМАСЫ: 900 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ