Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы айтты. Оның айтуынша, «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды.
Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды. Қазақ дәстүріндегі қалыңмалды ислам шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарас білдірген. Ал бұл жағдай қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады. Осы пәтуа шыққанан бері елде екі түрлі көзқарас пайда болды. Бір жағы қолдаса, екінші тұсы бұрынғы қалпында қалған жөн дейді. Ал бұл туралы БЕРІК САЛАУАТҰЛЫ дұрыс көрқарспен қарайтынын айтады.
Бүгінде әлеуметтік желіні ашып қалсаң қыздардан махрге не сұрайсыз деген сауалнаманы көресің. Қанша адам болса сонша пікір дегендей әр қыздың таңдауы әртүрлі. Бұл жаңалық ер-азаматтардың құлағына майдай жағып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені рас. Соңғы кезде қалыңмалдың көлемі 3-4 миллион теңгеге дейін баратын болған. Мәһір мөлшері де күннен күнге өсіп барады. Жеке ұшақ, қымбат көлік сұрайтын сылқымдар бар. Көрпеге қарай көсіліп, жағдайды ескеруді ұмытып кеткен тәрізді. Дәл осы пәтуадан соң елдің пікірі екіге бөлінді.
Қазіргі таңда махрдің аң аз бағасы 110-120 мың тенгеден басталса ары қарай шегі жоқ болып кете береді. ҚМДБ шешімімен шыққан бұл пәтуа елге, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға қарай өзгеред дейді БЕРІК САЛАУАТҰЛЫ