aspan

ЗАУРЕ АЙМУРЗАЕВА ДИСПЕТЧЕР   

 Қайырымдылық жасау қазақтың қанына сіңген қасиет. Қара бастың  қамы емес, ерекше жандардың мүмкіндігін кеңейту нағыз ердің ісі. Игі бастаманың жетекшісі  Шымкент қаласы мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Торопов.   Осыдан 6 жыл бұрын Түркістан қаласында  инва такси қызметі өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде бір күн ішінде 160-180 баланы сабаққа тасымалдап,  сондай -ақ оңалту орталықтарына, өзгеде  мекемелерге дер кезінде жеткізіп отырады.

2019 жылы қайырымды жандардың ұсынысымен Зәуре Айтмурзаева Шымкент қаласына осы сала бойынша 5 күндік оқу курсынан өтіп, Түркістан қаласына келіп өз жұмысын бастайды.   

Таңмен таласа басталған жұмыс,  кешке дейін үздіксіз жалғасып келеді. Қазіргі таңда жауапты саланың ауқымы кеңейіп облыс аумағына  жақын орналасқан Кентау, Сауран аудандарында инва такси өз жұмысын жасауда.   Әрин бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айта кету жөн.

Зәуре Айтмурзаева өзі секілді ерекше жандарға қоғамға бейімделудің еш қиындығы жоқ, бастысы адам өз өзін жақсы көрсе, өзіңе жайлы ортаны қалыптастырсаң болғаны дейді.

Еңбек адамы, біздің бүгінгі кейіпкеріміз өздеріңіз көргендей біраз салаларда өзін шыңдап, белін бекем буып жұмыс жасаған жан. Осылайша ол  жұмыс барысында көптеген достар арттырып, нәтижесінде жаны жомарт жандардан қолдау тапқанын айтады. Кейіпкеріміз  6 жыл осы салада жұмыс жасап жүріп қызықты оқиғаларға да тап болыпты.  Оны есіне түсіріп бір күліп алды.

ЗАУРЕ АЙМУРЗАЕВА ДИСПЕТЧЕР   

СТЕНДАП: НҰРИЛА АЛПЫСБАЙ ЖУРНАЛИСТ 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

БІР ТӘУЛІКТЕ 87 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Фискалды чектерде тіл туралы заң талаптары сақталуы тиіс

Телеарна ХанТВ