aspan

КҮН РАЙЫНЫҢ КЕСІРІНЕН 200-ДЕЙ МЕКТЕП ЖАБЫЛДЫ

 Күн райының кесірінен Ұлыбританияда 200-дей мектеп жабылды. Ұлыбританияның метеорологиялық қызметі күннің күрт суытуына байланысты Англия, Шотландия және Солтүстік Ирландия үшін сары түсті ескерту жариялады.

Бұл елдерде қар қалың түсіп, көлік апаты көбейген. 200-дей мектеп жабылып, балалар үйлерінен шыға алмай қалған. Алдағы күндері ауа райының температурасы тағы да төмендеп, табиғат қараша айы үшін тосын мінез танытпақ. Синоптиктер көлік қозғалысының қиындайтынын, жарықтың өшіп қалуы мүмкін екендігін ескертті. Халықтың осал топтары үшін де қауіп еселеп артып, қолайсыз ауа райы бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына кері әсер етуі мүмкін екендігі хабарланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘУЕ ШАРЫНАН 8 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде

Телеарна ХанТВ

ДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРНИР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ