aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР  ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДЫ КӨРСЕТТІ

Жамбыл облысының полицейлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде 6 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған.

Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді. Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тінту кезінде 5 келіден астам «гашиш» және 1 келіден астам «марихуана» тәркіленді.Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

‼️ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА‼️

Телеарна ХанТВ

МӘЖБҮРЛІ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР САНЫ 83 МЛН АДАМҒА ЖЕТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ, АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ