35.3 C
Shymkent
13 июля, 2025
aspan

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 25 ЖЫЛ!

 Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бірлесе «Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті – Тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік шебінің күзетінде 25 жыл» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

Бұл шара Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері ҰҚК Шекара қызметінің оңтүстік аймақтағы атқарған жұмыстарын, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің дамуына қосқан үлесін талқылауға арналды. Конференцияда Қазақстанның оңтүстік шебін қорғау тәжірибесімен алмасу, аймақтағы қауіпсіздікті сақтау және шекара қауіпсіздігіне қатысты жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай ақ шара барысында ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері, оның ішінде шекаралас елдермен ынтымақтастық, трансшекаралық қылмыспен күрес, шекара және миграциялық бақылау қызметтері жайлы мағлұмат берілді. Конференцияның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты нығайту туралы шешімдер қабылданды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЗЕЙНЕТКЕРДЕН 46 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ

Құрметті БАҚ өкілдері!

Телеарна ХанТВ