aspan

ҚМА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ БОЙЫНША 20 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ШЫҒЫНЫ БАР 57 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТЕРГЕУДІ АЯҚТАДЫ

Жыл басынан бері Қаржылы Маниторинг Агенттігі  20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді, алаяқтық схемаларға 21,5 мыңға жуық салымшы тартылды.12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.

Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15% — на дейін пайдасын уәде етті.Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды.Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

ТЕКЕЛІДЕ БОЯУДЫҢ ИІСІНЕ УЛАНЫП ҚАЛҒАН ЕР АДАМДЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Предпринимателям Шымкента разъяснили об экономико-социальных программах

Телеарна ХанТВ