aspan

ЕСІРТКІ САҚТАҒАНЫ ҮШІН КҮДІККЕ ІЛІНГЕН ГРУЗИЯДАН ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларынжүргізу барысында күдікті басқарғанавтокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы  онсегіз бүтін, жүзден тоқсан алты грамм  болатын 15 «мефедрон» байламдары табылған.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА «ФОСФОРШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау

Телеарна ХанТВ