aspan

13 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100% тартылған. Былтыр осы жоба бойынша 13 мектеп тапсырылды. 2025 жылы 16 мектептің құрылысы жүргізілуде. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осылай деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров білім сапасын көтеру бағытында жасалып жатқан маңызды жобаларға ерекше тоқталды.Сондай-ақ жауапты сала мамандарына жұмысты ширатып,сапасын қадағлауды тапсырды. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл құрылыс жұмыстарының барысын баяндады.

2025 жылы тапсырылатын 16 мектептің 12-сінің шатыры жабылып,  ішкі әрлеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 60% орындалған. Қалған 4 мектептің ғимаратының негізгі қаңқалары көтеріліп, шатыр жабу, сыртқы, әрлеу, ішкі сылақ, жұмыстары атқарылуда.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

admin

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ