aspan

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Қарттарым асыл қазынам».  Бүгінгі қариялар бір кездері ел, халық игілігі үшін, келешек ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен буын. Еліміздің өсіп өркендауіне, бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан жандар. Сондықтан  қазыналы қарттарымызды құрметтеу ұрпақ парызы. Бүгін қалалық Пушкин кітапханасында қарттар күні қарсаңында арнайы шара өтті. Тақырыпты әріптесім жалғасын.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Алқалы жиынға қатысқан қариялар әннен шашу шашып, мерейлі күнді ерекше атап өтті.

Қарт кісіні – құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі. Қазыналы қарттарымыз ән мен бидің әуенінде дем алып, көңілді тарқасты

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«2023 жылғы 12 маусым- Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні».

admin

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Телеарна ХанТВ

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Телеарна ХанТВ