Жыл сайын 28 қыркүйекте Қазақстанда атом саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Елде ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді, оның міндеті Қазақстан Үкіметінің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы саясатын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Атом саласының жетістіктері, болашақта атом энергетикасының шешуші рөл атқаратынын растайды. Сала маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтып, бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет екенін атап өткен болатын.
Саланы дамыту үшін ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізіп, дамыту, ғылыми-технологиялық база құру қажет. Онсыз бұл жоғары технологиялық және білімді қажет ететін саланың қарқынды дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Елде қажетті тәжірибе, отын-ресурстық базасы, дамыған ядролық инфрақұрылымы, маңызды ғылыми-техникалық әлеуеті мен кадрлық ресурстары бар, осының өзі-ақ атом энергетикасы саласын дамытуға орасан зор мүмкіндіктер береді.