25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАС КҮЙДЕГІ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІН ҰСТАДЫ

 2024 жылдың  19 қаңтарында Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартқан.Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрған.Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберген.

 

Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын  растады. Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды.Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.Жамбыл облысында жалпы «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалы жүргізушілерінің 853 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 11 жүргізуші автобусты мас күйінде басқарған. Барлығы 69 жолаушы көлігі айып тұрағына қойылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Телеарна ХанТВ

АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Телеарна ХанТВ