31.3 C
Shymkent
6 июля, 2025
aspan

АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2035 жылға қарай елімізде электр энергиясын пайдалану сағатына 160 млрд. гвт болады деген болжам бар. Бүгінде электр энергиясының басым бөлігін көмір станциялары беріп отыр. Қазірдің өзінде электр энергиясы бойынша тапшылық бар.  Бұл ретте өзге елге тәуелді болмау аса маңызды. Бүгін жастар ресурстық орталығының мамандары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына барып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Басқосуда атом энергетикасының маңызы мен артықшылықтары талқыланып, атом электр станциясының экономикаға тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды. Экономиканың дамуы мен өсуі үшін энергия сыйымдылығын және энергиямен жабдықтау қауіпсіздігін арттыру қажеттігі айтылды.

Шараға қатысушылар атом энергетикасы саласындағы білім деңгейін арттырып, атом электр станциясын қолданудың артықшылықтары мен перспективалары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ қазанның 6-сында өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға дайын екендері туралы пікір білдірді.

Қазақстанда атом электр станциясын салу елдің энергетикалық теңгерімін жақсартып қана қоймай, экологиялық тұрақтылыққа, жаңа жұмыс орындарын құруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ҮЗДІК 7  ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ  

Телеарна ХанТВ

МӘСКЕУДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Телеарна ХанТВ