«Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы Еңбекші ауданында да өтті. Оны аудан прокурорлары мен полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырған. Науқан аясында есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуларды бояды.
Соңғы кездері үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, гараждар мен ғимараттардың сыртында есірткі сайттарының жарнамасы қаптаған. Қызығушылық танытып көрсетілген жазбаны ұялы телефоннан терсеңіз есірткі сатумен айналысатын жандардың құрығына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан салаға жауаптылар арнайы акция ұйымдастырып, мұндай жазбалардың көзін жойды.
Прокуратура қызметкерлері, полицейлер және еріктілерден құралған бірнеше топ қаланың барлық аудандарын аралап, осындай жазулардың көзін жойды. Сондай-ақ мамандар мұндай жағдайдың алдын алу үшін аймақтағы жастармен жиі профилактикалық жұмыстар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру шарт.