Елімізде жыл сайын 18 тамыз Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні атап өтіледі. Қарулы күштердің бұл түрі 26 жыл бойы әуе кеңістігінің сенімді қалқаны ретінде қызмет етіп келеді.Осы орайда ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы үшінші мегаполисте орналасқан әуе базасына 55652 әскери бөлімінің баспасөз турын ұйымдастырды. БАҚ өкілдері мен блогерлер таңертең және түнде қала тұрғындарының көзқарасын жинайтын авиациялық техниканы жақыннан көріп жеке танысуға мүмкіндік алды. Журналистерге әртүрлі қажеттіліктер үшін қолданылатын ұшақтар мен тікұшақтар таныстырылды.
Әуе қорғанысы күштері өз құрамында ұшқыштар, инженерлер, техникалық қызметкерлер және басқа да әскери мамандарды біріктіріп, заманауи технологиялармен жабдықталған авиациялық базаларда қызмет етеді. Олардың міндеті – мемлекеттің аумақтық тұтастығын, егемендігін және ұлттық мүдделерін қорғау.БАҚ өкілдері бөлімшенің жұмыс барысы мен базаға жүктелген міндеттері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ авиациялық техниканы пайдалану мен қауыпсіздік ережелерімен танысты.
Бүгінде Әуе қорғанысы күштері қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталған. Баспасөз турының негізгі мақсаты Қазақстан армиясының оң имиджі мен беделін ілгерілету.Наурызбай Шаймагамбетов авиацялық буын командирі.Ол өзінің бұл салаға деген қызығушылығы 5 сыныптан басталғанын айтады. Бүгінде бұл саланы толықтай меңгеріп, білім алуымның арқасында қажырлы еңбек етіп келемін,-дейді..Алдағы уақыттада гинерал дәрежесіне жетіп еліне адал қызмет етуге ниетті.
Айта кету керек ұшқыштардың физикалық және психологиялық дайындығы өте маңызды. Себебі, олар түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде тез әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетіне ие болуы керек. Мамандардың айтуынша оқытуға барынша күш салу керек, өйткені техниканы жаңарту жиі жүргізіледі.
Еліміздің қауіпсіздігі тікелей осы мамандарға байланысты. Шекара шебінде жүрген сарбаздардың жұмысы жауапкершілік пен қатаң әскери тәртіпті талап етеді.Қырағы қызмет заман талабына сай жасақталып, жыл санап қанат жайып келеді. Кездесу соңында 55652 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Айдар Гаухаров ұшқыштардың жұмысын қорытындылап, журналистермен әңгімелесті, онда авиабазаның қызметі туралы айтты.Әуе базасының жұмысымен танысқан бақ өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып жақсы көңіл күйде тарқасты.