Ақпарат

10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында тағы бір «сақалды» құрылыс шешімін тапты. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен маңызды жобаның жұмысы қайта жанданды. Нысан құрылысын аяқтап, әрі қарай халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі «Жібек жолы — Келес газ» мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілді. Мекеме міндеттеріне Арыс қаласының тұрғындарына үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету және техникалық қажеттілігіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу кіреді. Компания қазанның соңына дейін 45 мыңнан астам халықты 100 пайыз газбен қамтуды жоспарлап отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Осуждённым из колоний-поселений могут разрешить пользоваться смартфонами

Редактор HAN TV

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МЕГАПОЛИСКЕ КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ