26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымшаһарда педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Әр жыл сайын өтетін бұл іс-шара білім беру саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға, жаңа оқу жылына дайындықты пысықтауға арналған. Толығырақ жиынға қатысып қайтқан әріптесім баяндайды.

“ДИДЖИТАЛ ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» . Бүгінгі өткен тамыз конференциясының басты тақырыбы осы. Жиында елеулі еңбегі үшін қала әкімінің алғыс хатына ие болған Жанетта Қанайқызы шаһардағы маңызды мәселелерді атап өтіп, білім беру саласындағы жағымды жаңалықтарға тоқталды.

Конференция барысында білім беру саласындағы реформалар, оқыту сапасын арттыру, жаңартылған бағдарламалар мен инновациялық технологияларды енгізу тақырыптары көтерілді. Жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге тоқталып өтті.

 Конференцияда саланың майталмандары марапатталып, жетістіктері атап өтілді. Педагогтердің пікірінше, мұндай шаралар ұстаздық мамандықтың беделін арттырып, білім сапасын жақсартуға үлкен серпін береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

Телеарна ХанТВ

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

300 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН  ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Телеарна ХанТВ