aspan

«STANDARD CITY 2» СТАНДАРТҚА САЙ ЕМЕС ПЕ?!

«Оңтүстік құрылыс сервис» құрылыс компаниясына қарасты  «STANDARD CITY 2»      тұрғын үй кешенінде шу шықты. Шу шығарғандар дәл осы үйдің тұрғындары. Шаһарымызда жаңа ауданда салынған  көп қабатты тұрғын үйдің жыры бітер емес дейді қоныстанғандар.  Тұрғындар құрылысы шала-шұрпы  жүргізілген  баспанадан әбден шаршаған. Жертөледен тоқтаусыз аққан судың салдарынан  үйіміз опырылып қалама деп  қорқады.

   2022  жылы қолданысқа берілген стандарт сити тұрғын үй кешенінде шешімін таппаған мәселе шаш етектен. Жертөледен аққан суды былай қойғанда, Қоқыс мәселесі мен көлік тұрағы да мұнда тұрғындардың ызасын әбден тиген.

Жауапты мамандардан мардымды жауап пен іс әрекет көрмеген халық баларының қауіпсіздіктері үшін алаңдайды.  Себебі табиғи газ өткен құбырлар мен жарық шамдарының ашық-шашық  күйде орналасқанында. Мұндай бей берекеттік  тек адам шығыны орын алғанда ғана реттеле ме  деп ашынуда. Осы мәселенің шешімін зерделеу мақсатында екінші тарапты да тыңдауға барған болатынбыз!  Десекте салаға жауаптылар бұл бағыттардағы жұмыстар кезең кезеңімн шешіледі деп отыр.

Қолданысқа не бәрі 2 ақ жыл бұрын берілген тұрғын үйде мұндай кемшіліктер болуы көңілге қаяу келтіретіні сөзсіз . Жаңа баспана алдық деп қуанышы қойнына сыймаған   тұрғындардың  алдынан күн санап үйдің түрлі проблеммалар пайда болуды. Сапасыз жасалған үйдің әр жерін күндіз түні жамап  жүрген тұрғындар мезі болғандарын  айтады. Жауаптылардың құрғақ уәдесіне де сенуден қалыпты. Алайда БАҚ өкілдеріне өз уәделерін берген жауапты компания аз уақыт ішінде барлық оқылықтарды орнына келтіретінін айтып бақты. Ал бұл мәселе телеарнаның жіті бақылауында болады.

Related posts

Гори всё синим пламенем: чья халатность погубила 14 жизней

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

БОРАН КЕЗІНДЕ 5 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ