aspan

ҚАРАТАУ АУДАНЫ  АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды дейді салаға жауапты мамандар.

 Ауданда Табиғи газбен Қамту көрсеткіші 96 %. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % жететін болады.  Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын табиғи газбен қамту 2025 жылдың жоспарына енгізілген.

Аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып,      2023 жылы 17 орынға (Ұзындығы 15,1 шақырым) ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2024 жылы 11 орынға (9,5 шақырым) ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіледі. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.Аудан аумағында жүргізілетін барлық жұмыстар Шымкент қаласының аумақтық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Алдағы уақытта да  осы бағыттағы жұмыстар  ауданда жалғасатын табады.

 

 

Related posts

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

Телеарна ХанТВ

ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Запись на экзамены для получения водительского удостоверения теперь только через приложение «ЦОН»

Телеарна ХанТВ