16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Жаңалықтар

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен  қаламызда 81 елді мекен толық қамтылған. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның Ақжар, Тұран құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр. Жыл соңына жоспарланған Асар 2 шағын елдімекенінде 1 мыңнан астам абонентке 10кВ тарату бекеті іске қосылды.

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің шүғыл тапсырмасымен нысан мерзімінен бұрын іске қосылған. Осыған дейін жекенің трансформаторын қолданып келген  жарыққа екі есе шығындалып, қолдану қолайсыз еді дейді тұрғындар

Асар-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылдың қараша айында басталған болатын. Аталған нысанда мердігер мекеме  «А.Мерей И К» ЖШС. Жоба құны: 1 109,4 млн.т. құрайды

Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатымен қосылуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік  2024-2025 жылдары  елдімекендердің  жаңақұрылыс аумақтарын Сайрам, Бозарық,Құрсай, Сауле, Асар-2, Қайнарбұлақ сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын  атқару жоспарланып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ пен Еуропа елдері Мәскеуде алдағы 48 сағатта лаңкестік әрекеттер қаупі бар екенін ескертті

admin

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨШЕТ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ТҮЙЕ ЖӘНЕ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

admin