Ақпарат Жаңалықтар

Түркістанда тропикалық ағаштары бар ерекше саябақ салынып жатыр

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түркістан қаласындағы демалыс саябағының ботаникалық бағына тропикалық өсімдіктер егілді.

Елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі.

Арнайы орнатылған жылу жүйесі арқылы мұндағы ауа температурасы да қысы-жазы бірқалыпты күйде болады.

Яғни, екпелер мен көгалдар жасыл кейпін жыл бойы сақтайды.

Сондай-ақ, саябаққа түрлі құстар мен балықтар өсірілмек.

Сахна, мінбер, 2 субұрқақ, ойын алаңы, скейтбординг және шатырлар салынады.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағына тропикалық өсімдіктер егілді.

Оның ішінде шетелдерден алынған көптеген тропикалық ағаш көшеттері де бар.

Жалпы, мамандардың сөзіне сүйенсек, Түркістандағы ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ.

Бүгінде саябақтағы құрылысы жұмыстары 2 кезең бойынша жүзеге асуда.

Өткен жылы басталған нысан құрылысы биыл пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, демалыс саябағының жалпы аумағы 10,5 гектарды алып жатыр.

Ал, көгалдандыру алаңы — 61 891,78 шаршы метр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында көпірдің бір бөлігі опырылғаны үшін ҚТЖ-ға айыппұл салынды

admin

Неліктен олар Астанада 500-600 мың айлық алатын мамандарды таба алмай жатыр, КТК түсіндірді

admin