Ақпарат

Ресейде апатқа ұшыраған Қазақстан автобусында Өзбекстан азаматтары зардап шекті

Ресей аумағында «Шымкент-Нижний Новгород» бағытындағы апатқа ұшыраған автобуста Қазақстан азаматтары анықталмады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Бүгін біздің консулмен телефон арқылы байланысқа шықтым. Қазір осы апат бойынша мәліметтерді нақтылап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша Өзбекстан азаматтары зардап шеккен. Яғни біздің азаматтар жоқ. Тағы да қосымша ақпарат болса, жариялаймыз», — деді А. Смадияров ведомстводағы апталық баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ресей Федерациясының Самара облысында Қазақстаннан барған автобус апатқа ұшырады. Оқиға орнында 2 жолаушы қаза тапты, 10 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілген.

Бұл автобустың Қазақстанда тіркелгені анықталды. Ол Өзбекстан азаматтарын тасымалдап жүрген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

Телеарна ХанТВ

GOOGLE DEVELOPER GROUPS АТТЫ IT КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Телеарна ХанТВ