17.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

Шымкентте елімізде баламасы жоқ ірі мешіт ашылады

Шымкентте тағы бір мешіт пайдалануға беріледі. Нұрсәт шағынауданындағы «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы ірі мешіт Ораза айттың үшінші күні ашылады.  2024 жылдың 12 сәуір күні сағат 11:00-де салтанатты  ресми ашылуы, ал 14:00-де мешітте алғашқы жұма намаз өтеді деп күтілуде.

Ел аумағындағы ең ірі мешіт кешенінде  бір мың орынға лайықталған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен бір  мың орынға шақталған асхана қарастырылған.

Мешіт ғимаратына  бірден 12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар. 12  гектар алаңда бой көтерген мешітті желдету үшін жазда  залалсыздандыру және  салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағында ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысы барысында қолданылған. Ақ мешіттің құрылысында Қожа Ахмет Ясауи  кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары да  ескерілген.

Автотұрақ мәселесі де ойластырылған. Мұнда үш деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те  қарастырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

admin

ТҰРҒЫН ӨЗ ҮЙІНДЕ ФИТОЗЕРТХАНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ