23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Әлем жаңалықтары Басқа да Жаңалықтар

Меккеге бару үшін сақтаған: Зейнеткердің ұзақ жылдар бойы қорапта жинаған ақшасын зиянкестер кеміріп, жоқ қылды

Малайзиялық зейнеткер аяқ киімнің картон қорапшасына салып жинап жүрген ақшасын зиянкестер жеп жарамсыз етті. Кейуана бұл ақшаны Меккеге бару үшін ұзақ жылдар жинаған. Бұл туралы aspan.info ақпарат агенттігі dailystar.co.uk. басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткер Меккеге қажылыққа бару үшін жылдар бойы ақшасын картоннан жасалған аяқ киім қорабында сақтап, жинаған. Бірақ ақ құмырсқалар (термиттер) ақшаны жеп, жартысынан көбі жарамсыз болып қалған.

Оның немересі Хайрул Азхардың айтуынша әжесі шамамен 30 000 малайзиялық рингит жинағанын айтады. Бұл 6600 доллардан асады.

Енді Хайрул аман қалған банкноттарды ауыстырады деген үмітпен Малайзияның орталық банкіне апаруды жоспарлап отыр. Ол бұл оқиғадан сабақ алып мұндай ақшаны үйде ұстамау керек екенін ескертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ: ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

admin

Астанада Наурыз мерекесі кімге төленеді

admin

«ДОСТЫҚ» ТҰРҒЫНДАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Телеарна ХанТВ