Ақпарат

50-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Халыққа сапалы қызмет көрсету, жайлы жағдай жасауға ден қойылған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша облыста 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт. Облыстың денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдануды тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

Воспитание молодежи в Казахстане: современные тенденции и перспективы развития

Редактор HAN TV