aspan

 5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Заң талаптарына сәйкес, тіркелмеген мопедтерді басқару және жүргізуші куәлігінсіз мопедті пайдалану тыйым салынады

Аталған күннен бастап мопед иелері келесі талаптарды орындауы тиіс:
— көлік құралын полицияда тіркеуден өткізу;
— A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігін алу;
— техникалық тексеруден өту;
— азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды рәсімдеу. 5 сәуірге дейін қажетті құжаттарды рәсімдемеген жүргізушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612 және 590 (2-тармақ) баптары бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жаңа шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерді пайдалану кезінде орын алатын құқық бұзушылықтар санын азайтуға, кәмілетке толмағандар арасында орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жаңа ережелерді сақтау барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін жолдарды қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЛҒАН АВТОБУСТАР АЙЫППҰЛ ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

LAMBORGHINI МЕН ЖҮЗДЕГЕН МИЛЛИОН ТЕҢГЕ: БЛОГЕРЛЕР ЕРБОЛАТ ЖАНӘБІЛОВ ПЕН ЖҰБАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ