aspan

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАП ОҚУ КҮНІ АТАП ӨТІЛУДЕ

Шым шахарда орналасқан Абай саябағында 2-ші сәуір халықаралық балалар кітап оқу күніне орай табиғат аясында мерекелік шара өтті.Кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты.

2- ші сәуір халықаралық балалар кітап оқу күні 1956 жылдан бері атап өтіліп келеді міне биыл мерекеге 69 жыл толып отыр.Жиын Балалар жаушысы ,Дат ертекшісі Христиан Ганс Андерсонның құрметіне атап өтіледі.Шараның мақсаты балаларға арналған әдебиеттің маңыздылығын арттыру, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру және  шығармашылыққа баулу. Сондай ақ шараға жауаптылардың айтуынша жас оқырмандар тарапынан қазақ халық ертегілеріне деген сұраныстың жоғары екен атап өтті.

Шараға келгендердің қатарында Бекзат пен Елмаста бар,  Олар осындай ерекше форматтағы шаралар жиі өтсе екен дейді. Қос бүлдіршін де кітап десе ішкен асын жерге қоятын жандардың қатарында.

Айта кетейік Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде бүгінде 55 000 кітап қорымен қамтылған. Аталмыш мекеменің 1 500 000 млн-ға жуық оқырманы мен 24 бөлімшеден тұрады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 450-ДЕН АСТАМ ЖАЙТЫН АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ