aspan

3 700-ДЕН АСТАМ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Ирактағы дауылдан 3 700-ден астам адам зардап шекті. Климаттың өзгеруінен аймақтағы құм дауылының қарқыны артып келеді.

Жойқын дауыл Ирактың орталық және оңтүстігіне соғып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, көлік қатынасын бұзды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3700-ден астам адам тыныс алу жолдарының асқынуынан медициналық көмекке жүгінген, оның 1800-ден астамы ауруханаға жатқызылды. Мутанна провинциясында құмға тұншыққан 700-ге жуық адам тіркелді. Көршілес Наджаф провинциясында 250-ден астам адам ауруханаға жеткізілсе, Ди-кар мен Басрада зардап шеккендер саны 500-ден асты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құм қалаларды басып, көру мүмкіндігін бір шақырымға дейін азайтты. Бірқатар ауданда электр қуаты үзілді. Наджаф пен Басрадағы әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатты. Көшелерде төтенше жағдай қызметкерлері мен азаматтар шаңнан қорғану үшін бетперде киюге мәжбүр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІР ҒАНА ГОЛ МАТЧТЫҢ НӘТИЖЕСІН ШЕШТІ. «ПСЖ» ЛОНДОННАН МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСТІ АЛЫП КЕТТІ

КЕЛЕСТЕГІ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІҢ ЖОЛЫ ҚАШАН КЕСІЛЕДІ?

Телеарна ХанТВ

НАЗИРА ГОЛД ҮН ҚАТТЫ   

Телеарна ХанТВ