aspan

  2025 ЖЫЛҒЫ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ФИНАЛЫ АЯҚТАЛДЫ

Астанада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасында өткен қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогының финалы аяқталды.7–8 қазан аралығында екі күн бойы аренада 20 елден келген 230 спортшының қатысуымен тартысты жекпе-жектер өтті.

Турнир өзін-өзі қорғау және жекпе-жек дисциплиналары бойынша өтіп, адал күрес, рухтың күші мен кәсіби шеберліктің көрінісіне айналды.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жарысқа қатысушылар мен қонақтар алдында құттықтау сөз сөйледі.Спорттық мерекенің ерекше атмосферасын Қазақстан спортының жұлдыздары – Олимпиада чемпионы Илья Ильин, ММА аралас жекпе-жек шебері Артём Резников, атақты боксшы Василий Левит және стрит-воркауттан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айтым Жақыпов жандандыра түсті. Құрметті қонақтар қатарында күштік, арнайы және құқық қорғау органдарының өкілдері мен басшылары, сондай-ақ Астана қаласының әкімі де болды.Әлем кубогының финалын «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Batyr team» спорт клубының қолдауымен ұйымдастырды. Турнирдің бас демеушісі Қазақстан құтқарушылары қоры.

https://www.instagram.com/reel/DPjWsmbDeEn/?utm_source=ig_web_copy_link

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨНЕРТАПҚЫШ ОУҚЫШЛАР ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ КӨЗІЛДІРІК ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Телеарна ХанТВ

«ОТБАСЫ БАНК» ПЕН «ПИОНЕР ГРУПП» ЖШС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ