5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

2024 ЖЫЛЫ 149 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРҒАН

 Түркістан облысында аймақты цифрландыру, интернет сапасын жақсарту мәселелері облыс әкімдігінде арнайы талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен ұялы байланыс операторларының өкілдеріне бұл саладағы жұмысты жандандыруды, байланысы мен интернет сапасы төмен елді мекендердің мәселесін шешуді тапсырды.

Цифрландыру саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Интернет жылдамдығын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқаруды тапсырамын. Мобильді интернет сапасына халық тарапынан сын көп,-деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабековтың айтуынша, Түркістан облысы аумағында жалпы 807 елді мекен бар.Бүгінде 739  Атомная единица массы мобильді интернет желісімен қамтылған.Қалған 68 ауылдық елді мекенде интернет байланысымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырғанда 2,3%-ға артқан. 2024 жылы 149 елді мекенде интернет сапасы жақсарған. 2025 жылы 120 елді мекенде интернет сапасы жақсарту жоспарланып отыр.

Мәжілісте аудан, қала әкімдері мен байланыс операторы өкілдерінің де ұсыныстары тыңдалды. Жауаптыларға елді мекендерді, маңызды көлік жолдары бойын, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және өзге де мемлекеттік мекемелерді сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

«АППАҚ» ЖШС УРАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСІНЕ ШЫҚҚАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ЖАПОНДЫҚ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

Телеарна ХанТВ

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Телеарна ХанТВ