9.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
aspan

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ  ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Абай облысында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері өңірдегі шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Іс-шара Абай атындағы облыстық кітапхананың оқу залында ұйымдастырылды. Талқылау жұмысына мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, ақындар, жазушылар, театр және кино саласының мамандары, музей, оқу-ағарту салаларының қызметкерлері және өңірдегі өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

 Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының құндылығы мен мазмұндық негізі, сондай-ақ оның ұлттық мәдениетті дамытудағы және мемлекеттік бірегейлікті нығайтудағы маңызы басты назарға алынды. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытының бірі ретінде бекітілгенін айтты. Бұл ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтып, мемлекеттің тұрақты дамуының берік негізіне айналады.Айтыскер ақын, халықаралық байқаулардың лауреаты Мұхтар Ниязов Жаңа Конституция ұлттық-мәдени мұраны қорғауды күшейтіп, жер мен оның қойнауындағы қазбай байлық Қазақстан халқына тиесілі екені туралы қағидатты бекітетінін ерекше атап өтті. Бұл қадам табиғи ресурстарға қатысты жалпыұлттық жауапкершілік сезімін нығайтып, оларды пайдалану кезінде қоғамдық мүдденің басымдығын айқындайды. Кездесу соңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз сөзінде Жаңа Конституция тек негізгі құқықтық акт қана емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы мүдделер тепе-теңдігін айқындайтын заманауи қоғамдық келісім екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжат адамға бағдарланған даму моделіне көшуді бекітеді. Бұл модельде адамның өзі, оның құқығы мен бостандығы басты орынға қойылады. Сондай-ақ оның білімін, бастамасын және жасампаз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау көзделеді.Ол білім, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту ісі стратегиялық басымдықтар деңгейінде бекітілетінін, ал ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі конституциялық мәнге ие болатынын айтты. Осылайша қоғамның ұйысуына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге берік негіз қаланады.Пікірталас барысында қатысушылар Жаңа Конституция жобасының тек құқықтық мазмұны ғана емес, терең құндылығы бар екенін атап өтті. Құжат Қазақстан мемлекеттілігінің кемелдігін, тарихи құндылықтарға сүйенудің маңызын және дербестік, әділдік, заң үстемдігі мен тәртіп қағидаттарының мызғымастығын бекітеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАЛМАСЫ ҰСТАП ҚАЛҒАН ЕР АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

АУДИТОРДЫҢ «КРЫШАСЫ»  КІМ?

Телеарна ХанТВ

ТИМУР ҚАБДЕШОВ «СТРАНДЖА» ТУРНИРІНДЕ СЕНСАЦИЯ ЖАСАДЫ

Редактор HAN TV