19.3 C
Shymkent
15 октября, 2026
aspan

ТРАМПТЫҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ШЕРУ ӨТТІ

 АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында президент Дональд Трамптың заңсыз көші-қонмен күрес шараларына қарсы жаппай шеру өтті. Мексика туларын желбіреткен бір топ белсенді Ольвер көшесімен жүріп өткен. Басқа топ күрежолдардың бірін жауып тастады. Ереуілшілер әсіресе заңсыз мигранттарды депортациялауға наразы.

Мұндай қарсылық акциялары Сан-Диего мен Далласта да өтті. «Рейтердің» мәліметі бойынша, 1 күнде 1200-ге дейін мигрант қамауға алынған. Бұл былтырғы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Нью-Йорк және Чикаго сияқты ірі қаларда да жаппай тексеріс жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейк, Трамп 20 қаңтарда қызметіне кіріскен бетте шекараға әскерилерді жіберіп, қамауға алуды, депортация талаптарын қатаңдатты. Сондай-ақ иммиграция және кеден қызметкерлерінің өкілеттігі кеңейтілген.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Енді Қазақстанда концерттерде фонограмма қолдануға рұқсат жоқ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА TIKTOK-ҚА ШЕКТЕУ ҚОЮ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ

КАФЕДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫ ӨРТЕНІП ЖАТҚАН ҒИМАРАТТАН ҚАЛАЙ ЭВАКУАЦИЯЛАДЫ

Телеарна ХанТВ