aspan

ТӨРТ АВТОКӨЛІКТІ АЛДАП САТЫП, 24 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ  ҰСТАЛДЫ

Тараз қаласының 2002 жылы туған тұрғыны ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Өзбекстан астанасында ұсталды.

ІІМ мәліметінше, күдіктінің мынандай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін: төрт автокөлікті алдап алған; оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқан;жалпы келтірілген зиян көлемі 24 миллион теңгеден асқан.Ол қылмыстан кейін ел аумағынан шығып кеткен және 2022 жылдың соңынан бері халықаралық іздеуде болған.Қылмыскерді ұстау Қазақстан мен Өзбекстанның құқық қорғау органдарының тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асты.ІІМ мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айында 140-тан астам адам іздеу тізімінен табылған, оның ішінде 8 адам шет елдерде ұсталған.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

Телеарна ХанТВ

«Көктем–2025» РКШОЖ: Шымкент қаласында практикалық шаралар өткізілді

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда 576 мың тұрғын үй нысаны тексерілді: ондаған мың құқықбұзушылық анықталды

Han TV