aspan

Түркістан облысында бейнебақылау арқылы 300-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осы бағытта Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, бейнебақылау камералары арқылы 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, «JAC» автокөлігін басқарған 41 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Сондай-ақ «Volkswagen» автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қос тұтас сызықты кесіп өткені анықталды.
Құқық бұзушылық жасаған екі автокөлік те арнайы айыптұраққа қойылды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, заң аясында шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай құқық бұзушылық үшін заңнамада қатаң жауапкершілік қарастырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ.

Телеарна ХанТВ

БІР МАЙМЫЛ БҮКІЛ ЕЛДІ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ

Телеарна ХанТВ