aspan

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ БЕН ҰЛТТЫҚ ПАРК ҰЖЫМДАРЫ БІРЛЕСКЕН АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің аумағында «Табиғатты аялайық – болашақты ойлайық» ұранымен 80 көшет отырғызып, көгалдандыру іс-шарасын өткізді.

Табиғатты қорғау акциясы салтанатты митингіден бастау алды. Онда «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» Бас директоры Сағадат Нұржігітов осындай бастаманың маңыздылығы туралы айтып, Әскери колледж ұжымына қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді. Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің бастығы, полковник Мақсат Ахшалов атап өткендей, ағаш отырғызу балаларға қоршаған ортаға қамқор болуды үйретеді, табиғи байлықты сақтауға және оны көбейтуге шақырады.

Салтанатты бөлімнен кейін колледж тәрбиеленушілері, офицерлер мен оқытушылар саябақ қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызуға кірісті. Олар мектеп аумағында және мектеп маңында ағаш көшеттерін отырғызды. Ағаш отырғызу кезінде саябақтың өкілдері акцияға қатысушыларға ағаш отырғызуды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді. Жалпы алғанда 20 дана боз арша, 20 дана жеміс және 40 дана жалпақ жапырақты ағаштар отырғызылды.

Экоакция соңында мектеп тәрбиеленушілері ұлттық саябақ қызметкерлеріне отырғызылған ағаштарға күтім жасаймыз деп уәде берді.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Han TV

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Телеарна ХанТВ