-4.7 C
Shymkent
11 марта, 2026
aspan

ШЫМКЕНТТІҢ ШАҒЫНАУДАНДАРЫ ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкент қаласында шағынаудандарды және әлеуметтік нысандарды инженерлік коммуникация желілерімен қамту жұмыстары биыл да жалғасады. 2025 жылы Тұран шағынауданында барлығы 13 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген. Қазіргі уақытта «Энергомера» ЖШС тарапынан 4 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар 2025 жылдың қыркүйегінде орындалады.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы тарапынан биыл Ақжайық, Азат шағынауданын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Тассай», «ТЛЦ» индустриялық аймағында, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-не электр желілерін тарту, «Ақжар» 110/35/10 кВ ҚС салу жұмыстары атқарылады. Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекені, Құрсай, Қайтпас-1 — Тұран шағынауданының жаңақұрылыс аумағы электр жүйелерінің және Тұран шағынауданын жарықтандыру жүйелерінің жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде 81 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған. Былтыр электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылысы жүргізілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ БОЙЫНША 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСА ШЫҒЫНЫ БАР 68 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТЕРГЕУДІ АЯҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

admin