13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Наурыз – тек көктем мен жаңарудың емес, сондай-ақ бірлік пен қайырымдылықтың мерекесі. Осы дәстүрді жалғастыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шуақты Наурыз – Шымкентте» атты қайырымдылық кеші өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық мейрам аясында игі істер жасау, қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету және жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеш әдемі ән, бимен басталды. Бұл тек өнер кеші ғана емес, адамдарға жылулық пен қамқорлық көрсетуге арналған ерекше басқосу болды. Өнер арқылы қайырымдылықты насихаттау. Олай дейтініміз, кеш соңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді. Бұл игі іске қаламыздың 10-ға жуық кәсіпкері атсалысып, қайырымдылық шарасының ауқымын кеңейтті. Олардың қолдауы 25 отбасыға қуаныш сыйлап, мерекенің шырайын аша түсті.

– Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, жүректен шыққан жанашырлық пен қолдау. Мұндай іс-шаралар жастарды жақсылық жасауға баулып, қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтады. «Шуақты Наурыз – Шымкентте» қайырымдылық кеші – тек бір күндік шара ғана емес, осы мазмұнда жыл бойы шаралар өткізіп тұру жоспарда бар. Адамдардың жүрегіне жылулық ұялатып, ізгі істерге жетелейтін маңызды бастаманы өткен жылы да өткізген болатынбыз, – дейді Жастар орталығының маманы Бөгенбай Қайыржан.

Наурыздың шуағы әр шаңыраққа қуаныш, ал жүректерге мейірім сыйласын!

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Телеарна ХанТВ

48 000 ЖАСТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛГЕН  

Телеарна ХанТВ