26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ШАХМАТТАН  РЕСПБУЛИКАЛЫҚ  ТУРНИР ӨТТІ

Шаһарда Қажымұқан атындағы спорт кешенінде  шахматтан республикалық турнир ұйымдастырылды.Турнирге Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген 100-ге жуық бала қатысты.Шахмат додасы жасөспірімдердің ойлау қабілетін дамытуға және олардың арасында шахматқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Елде шахмат спорты қарқынды дамып келеді.Бұған дәлел, жылда ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар санының артуы. Ал,бүгінгі  сайысқа кіл мықтылар жиналған. Солардың бірі — небәрі 10 жасар талантты жас өрен Медина Жанасқызы. Жас болғанына қарамастан, оның шахмат ойынында жүргеніне 2 жыл болған. Ол қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзін нағыз дарынды тұлға ретінде көрсете білген.

Сондай-ақ, Қажымұқан атындағы спорт кешенінде арнайы турнир залы ашылған. Бұл залда әр апта сайын түрлі байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылып, жас таланттар мен спортшыларға өз шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Бұл бастама спортты насихаттап, жаңа дарындарды ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Жарыс қорытындысы  бойынша 1 және  орынды Шымкент қаласы 16-12 жас аралығындағы жасөспірімдер алса 3 орынды Кентау қаласынан келген жасөспірімдер атанды. Олар дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Бұл жеңімпаздар үшін үлкен жетістік қана емес, сонымен бірге олардың еңбегіне берілген лайықты баға.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БИЫЛ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫННАН ЕСІРТКІ МЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ